Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі жайлы айтты  

Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі жайлы айтты   

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді.  Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Аймағамбетовтің айтуынша, мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек.

Оның хабарына қарағанда, бүгінгі таңда елімізде мектеп басшысы лауазымына 700-ден аса бос жұмыс орны бар және сәйкесінше ол жерлерде директордың міндетін атқарушы адамдар жұмыс істеп жүр.

Ережеге сәйкес директордың уақытша бос лауазымына (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) тағайындау регламенттеледі. Мұндай жағдайларда да ұйым басшысы тікелей тағайындау емес, конкурс арқылы анықталады. Енді директор лауазымына конкурсты аудандық білім бөлімдері емес, облыстық білім басқармалары өткізеді. Яғни, конкурстық рәсімдерді ұйымдастырады және директорларды анықтайды. Содан кейін директордың кандидатурасы бойынша құжаттар еңбек шартын жасасу үшін білім бөліміне жіберіледі. 5 жылға тағайындалады.

Аймағамбетовтің айтуынша, байқау бірнеше кезеңнен тұрады: кандидаттардың директор лауазымына құжаттарды тапсыруы; білім басқармасындағы кадр қызметінің кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауы, конкурсқа қатысуға рұқсат беруі; үміткерлерге арналған электрондық тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР Заңнамасы бойынша тестілеу); оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау (тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда); Білім басқармасындағы әңгімелесу (Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі).

Егер Қамқоршылық кеңесі екі мәрте екі кандидаттан аз адам таңдаған жағдайда және сәйкесінше конкурс екі рет өткізілмеген болса, онда конкурсқа қатысып жатқан барлық кандидат келесі кезеңге өтеді. Қамқоршылық кеңестің жұмысы мен құру ережесі де қайта қарастылып жатыр.

«Қағидада болашақ директорларға қойылатын біліктілік талаптарына көп көңіл бөлінеді. Біріншіден, болашақ директорлар міндетті түрде менеджмент курстарынан өтіп, тиісті сертификаттары болуы керек. Екіншіден, директор лауазымына басшы ретінде жұмыс өтілі бар, ал жалпы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үшіншіден, үміткер тағайындалғанға дейін соңғы екі жыл білім беру саласында жұмыс істеуі тиіс. Төртіншіден, тағы бір жаңашылдық – кадр резервін құру. Алғашқы екі кезеңнен (тестілеу және Қамқоршылық кеңеспен келісу) сәтті өткен, бірақ білім басқармасында әңгімелесуден өтпеген кандидаттар енді бір жылға резервке алынуы мүмкін.

Бесіншіден, биылдан бастап директорларды ротациялау институты енгізіледі. Соңғы бірнеше айда ережелер әзірленіп, сарапшылармен талқыланып жатыр.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях