«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде өрт шықты

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Алматы маңына жақын орналасқан, Қарасай ауданына қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Тілсіз жау тұрғын үй кешендегі 6 үйдің 3-қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтердің бірінде орын алған. Өрттің салдарынан түтін жоғары кабаттарға дейін тарады.

Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Дер кезінде түтіннен тұншыққан адамдарға көмек көрсетілді. Кейбір пәтерлерге кіру қиын болғандықтан, өрт сөндіру қызметінің баспалдағы да қолданылды.
Абырой болғанда жалын шарпыған өрт көп ұзамай өшірілді. Тұрғындар да құтқарылды.
Ал, өрттің неден жане қалай басталғаны туралы әзірге белгісіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях