Қарасай ауданында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қарасай ауданында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Бүгін Қарасай ауданы педагогтарының төл мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті, деп хабарлайды naqty.kz.
Ұстаздар қауымына арналған видеороликтен соң, аудан әкімі Жасұлан Естенов құттықтау тілегін білдіріп, еңбегі еленген жандарды марапатады. Атап айтқанда, Жасұлан Тоққожаұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарын, Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысының әкімі мен білім басқармасының және өз атынан жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс етті. Салтанатты шара әрі қарай мерекелік концертке ұласып, Славян базары «ВИТЕБСК-2023» байқауының жеңімпазы Шерхан Арыстан және аудан өнерпаздары ұстаздарға арнап ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях