Амандық Баталов жетісулық ардагерлерді қабылдады

Амандық Баталов жетісулық ардагерлерді қабылдады

Жыл соңында облыс әкімі Амандық Баталов жылдағы дәстүрге сай өңірге еңбегі сіңген, қалтқысыз қызмет еткен зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер алқасын жаңа жыл қарсаңында қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтың  «Құрметті азаматтары, «Құрмет» орденінің иегерлері, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысқан игі кездесуде облыс басшысы ардагерлерге өзінің ыстық ықыласын білдірді. Нақтырақ айтқанда, салтанатты қабылдау шарасында Амандық Баталов Алматы облысының, Талдықорған қаласының, Көксу ауданының Құрметті азаматы, Тәуелсіздік мерекесінде «Құрмет» орденінің иегері, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері  Дина Нұрғалиқызын  80-жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Мұнан кейін Жаңа жылдың қарсаңында, дөңгелек үстел басына жиналған қауымға Амандық Ғаббасұлы қиынға түскен жылға қарамастан жүзеге асқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях