«Almaty Steklo» зауытының қызметкерлерімен кездесу өткізді

«Almaty Steklo» зауытының қызметкерлерімен кездесу өткізді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Елтай ауылдық округінде орналасқан «Almaty Steklo» шыны зауытында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан съезге қатысқан делегаттары мен партия ардагерлері кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жиынға зауыт басшысы Азим Абдуллаев пен өндіріс орнында еңбек ететін 100-ден астам жұмыскерлер қатысты. Басқосуда алғашқы сөз «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Маратқа беріліп, ол қатысушыларға алдағы келе жатқан Президенттік сайлауға қатысуға белсенділік танытуға шақырды. Бұдан бөлек, Ақшолпан Қайратқызы партияның атқарып жатқан 24 жобасына да тоқталып, таныстырып өтті. Мұнан соң, партия ардагері Несіпбала Әбенқызы өндіріс қызметкерлеріне сайлаудың маңызды тұстары жайлы айтып өтсе, Елбасы сыныптасы, Елтай ауылдық округінің тұрғыны Андаш Қаражан сайлауға қатысып, дауыс беру еліміздегі әр азаматының патриоттық міндеті екенін алға тартты. Жиын соңында, зауыт басшысы Азим Шамоұлы кәсіпорын атынан келген қонақтарға алғысын айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях