Алматы облысының активі Жолдауды талқылады  

Алматы облысының активі Жолдауды талқылады     

Алматы облыстық әкімдігінің мәжіліс залында өңірдің активі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың өзектілігін талқылады,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Облыс басшысы  Президенттің дәстүрлі Жолдауында көтерілген мәселелердің әрбір қазақстандық үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, халық игілігіне бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол  Алматы облысына қатысты Жолдаудың басым бағыттарынан туындайтын міндеттерді жергілікті деңгейде жұмысты күшейту қажетілігіне тоқталды.

– Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтты. Оның тиімді құралдарының бірі микрокредит беру болып табылады. Бұл мәселені шұғыл түрде назарға алу керек. Біз республика бойынша сервистік-дайындау орталықтарын құрудың жоғары нәтижелерімен ерекшеленеміз. Міне, уақыттың өзі жемшөп бағытында осындай СДО құру қажет екенін көрсетті. Сондай-ақ, жер мәселесі, оның ішінде жайылымдық жерлердің берілуі мен бөлінуі тұрақты бақылауда. Тағы бір маңызды тапсырма – цифрландыруды дамыту, соның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері. Осыған байланысты «бір терезе» қағидаты бойынша бізде сервистік әкімдіктер жақсы жұмыс істейді. Сондықтан олардың әлеуетін барынша пайдаланған абзал, –  деді А. Баталов өз сөзінде.

Соныме қатар аймақ басшысы көпбалалы аналарға көрсетілетін көмектің арқасында олар өз кәсіптерін ашып, жұмыспен қамтылғанына тоқталды. Мінбеге кезекпен көтерілген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Сексенбай Шеңгелбаев, «Алматы бояулары» ЖШС-нің басшысы Римма Салықова, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Мерей Сүйінов биылғы Жолдауда айтылған тақырыптардың көпшіліктің көкейін тербеп жүрген мәселелермен үндесетіндігін алға тартты.

Жиын соңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға ба ғытталған тапсырмалар жүктеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях