Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

Алматы облысында өрт салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге 4 минутта жетті, олар келгенде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай жанып жатты», – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру барысында төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр. Оның шығу себебі анықталып жатыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях