Алматы облысында қарақшылық пен тонау саны айтарлықтай азайды

Алматы облысында қарақшылық пен тонау саны айтарлықтай азайды

Өңірдегі криминогендік жағдай биыл айтарлықтай жақсарып, қарақшылық шабуылдардың саны 2,6 есеге азайды. Бұл ретте, қылмыстың осындай қауіпті түрінің жалпы ашылуы 1,3%-ға, ал «ізін суытпай» ашу 12%-ға жақсарды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық полиция басқармасының әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

– Полицияның тиімді жұмысының оң мысалы ретінде ағымдағы жылдың 27- қазанында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынына «Алматы-Өскемен» тас жолында жасалған қарақшылық шабуыл дерегін келтірсек болады , онда бетперде киген бес белгісіз адам дене күшін қолдана отырып, жәбірленушінің жеке мүлкін ашық иеленіп кеткен. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер дереу анықталып, ұсталды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Сондай-ақ, облыстағы ұрлық саны да 2,1 есеге азайған. Нақтырақ айтқанда, кафелер мен мейрамханалардағы тонау 3 есеге, саябақтардағы 4 есеге, көшелерде 2 есеге төмендесе, дүкендердегі тонау саны 22-ден 9-ға дейін, үйлер мен пәтерлердегі 56-дан 20-ға дейін азайған. Сонымен қатар, қылмыстың осы түрінің ашылуы 3,3%-ға жақсарып, биыл 76,6%-ды құрады, ал, 2019 жылғы бұл көрсеткіш 71,3%-ды көрсеткен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях