Алматы облысы Кореямен ынтымақтастықты жалғастырады

Алматы облысы Кореямен ынтымақтастықты жалғастырады

Кеше облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына келген Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесіп, медицина, өнеркәсіп, туризм және мәдени салалардағы ынтымақтастық туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен облыс басшысы жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып, негізгі басым бағыттары жайлы баяндады. Амандық Ғаббасұлының айтуынша біздің облыста шағын және орта бизнестің аяқ алысы жақсы. Климаттық жағдайының жайлылығына байланысты және инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының белсенді жүргізілуіне орай, сондай-ақ, Шарын шатқалы, Алакөл, Балқаш, Көлсай көлдері және басқа да көптеген тамаша орындардың арқасында облыс туристер тартуға өте қолайлы.

Әңгімелесу барысында екі жақты байланыстардың негізгі бағыттары белгіленді. Амандық Баталов бірінші кезекте денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуді ұсынды.

– Бірлескен клиника ашылса, жақсы болар еді. Оны не Талдықорған өңірінен, не Алматы өңірінен ашуды қарастыруға болады. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Облыс тұрғындары үшін мұндай замануи клиниканың ашылуы қолайлы әрі пайдалы болар еді. Электроника өндіретін өнеркәсіп орнын құруға болады. Туризм саласында ынтымақтастық орнатып, мәдени байланыстар аясын кеңейтуге болады. Осы төрт бағыт біздің екі жақты өзара тиімді байланыстарымызды ілгерілетеді деп ойлаймын, – деді Баталов.

Бас консул да облыс басшысының бұл ұсыныстары тиісті лауазымды тұлғаларға жеткізіліп, талқыланатынына сендіріп, кездесуде қос тараптан конструктивті диалог болғаны үшін алғысын білдірді. Мұнан кейін облыс әкімі жиынды қорытындылап, ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге дайын екендігін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях