Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа патология бөлімі ашылды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа патология бөлімі ашылды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа туған нәрестелерге арналған патология бөлімі ашылды. Енді мұнда шұғыл медициналық көмекті қажет ететін сәбилерге арнап барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш аурухананың директоры Эльмира Ахметованың мәлімдеуінше жаңадан ашылған  патология бөлімінде шет елдерде білімін шыңдаған білікті мамандар жұмыс жасайтын болады. Жаңа бөлім 10 адамға арналып, ультрадыбыстық зерттеу апараттары, жасанды тыныс алу құрылғылары сияқты тағы да басқа құрал-жабдықтарымен толығымен қамтамасыз етілген.

– Перинатология және неонтология саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Білікті кадрлар дайындауда еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнаттық. Мұндай қарым-қатынастар өз нәтижесін беруде. Соның бір дәлелін өздеріңіз көріп отырсыздар. Түрлі патологиялық өзгерістермен туған сәбилерді енді ары-бері тасымаймыз. Осындағы перзентхана жанынан алғашқы көмек беретін бөлімнің ашылуы үлкен жетістік. Сол арқылы біз нәрестелердің өміріне төнген қауіпті сейілтеміз, – дейді республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының төрайымы Риза Боранбаева.

Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы облыстағы ірі медициналық мекеме. Бұл жерге әсіресе, облыстың оңтүстік өңірінің тұрғындары көптеп жүгінеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях