Аймағамбетов: Мектептерде ақылы олимпиада өтпеуі керек  

 Аймағамбетов: Мектептерде ақылы олимпиада өтпеуі керек   

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде ұйымдастырылатын ақылы олимпиадаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдымен министр елімізде мұндай мәселе барын ашық айтты.

– Қазір олимпиада көбейіп кетті деп айтуға болмайтын шығар. Олардың саны біршама азайды. Бірақ олимпиада әлі бар. Кейбір олимпиада ақылы болғаннан кейін оның мазмұны да жоғалып кетті. Олар тапсырманы береді. Кейін оны бала алып, үйіне барады. Туған-туыстарымен бірге тапсырманы орындап, жауабын береді. Ол жауап бойынша 1 емес, 30 адам бірінші орын, 30 адам екінші орынды алады. Сонда мұндай олимпиаданың қандай мәні бар, – дейді Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде.

Оның пікірінше, осындай әрекеттің салдарынан пәндік Олимпиаданың беделі төмен түсіп кеткен. Асхат Аймағамбетов білім ордаларында ақылы олимпиада ұйымдастырылмауы керегін атап өтті.

– Бірақ мектеп ұйымдастырып, олар ақылы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлесе, бұл басқа мәселе болып саналады. Қазір біз ақысыз олимпиадалардың санын көбейтіп жатырмыз. Ондай Олимпиадалар көп болуы керек. Бұл – балалар үшін маңызды. Біріншіден, ол ашық, адал болуы керек. Екіншіден, баланың білімін анықтайтын олимпиада болуы керек, – дейді ол.

Министр бұл мәселе бақылауда екенін жеткізді.

– 10 бірінші орын, 45 екінші орын деген мәселені білімнің әбден құнсызданғанына теңеуге болады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша тиісті шешімді қабылдап, оны бірнеше рет айттық. Сондықтан бұл мәселе шешіліп жатыр. Біраз өзгерістер бар. Алдағы уақытта бұл мәселені шешеміз деген ойдамын, – деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях