Қарасайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды (Видео)

Қарасайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды (Видео)

Қарасай ауданында құлшылық ордасының саны артып, бүгін тағы бір мешіт ел игілігіне берілді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын бұл Алланың үйі Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Исаев ауылында орналасқан. Тікелей халықтың қолдауымен іргетасы қаланған нысанның құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған еді. Бүгін, міне, қасиеттің жұманың қарсаңында игілікті іске атсалысқан иманды жандардың тілеуімен салтанатты түрде ашылды.

Игі шараның аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Құран оқылып, ауыл тұрғындарының ақ тілектері айтылды. Сонымен қатар мешіттің салтанатты ашылуына Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов арнайы келіп, ізгі ниетін білдіріп, сый-құрметін көрсетті.

Жұмадағы басқосуға Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және ауылдың батагөй ақсақалдары да келіп, өздерінің ақ тілектерін жеткізді. Құрметті қонақтардың қатарында мешіттің бой көтеруіне барынша үлес қосып және қаржылай қолдау білдіруге шақырған әнші Абай Бегей, «NNN» лақап атымен танымал болған блогер Нұрдәулет Бектұрсын, басқа да кәсіпкер жандар болды. Олар да ауыл халқына жақсы сөздерін арнап, мешіттің ашылуымен құттықтап жатты.

Құлшылық мекенінің қызыл лентасы қиылған соң жұманың намазының азаны айтылып, жамағат бір сапқа тұрып, намаз оқыды. Одан кейін келген қонақтар ақ дастарханнан дәм татып, ұлттық ойындардың жарысына куә болды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіттің бас имамы Парат Бекештің айтуынша, 1 га жердің аумағында қазіргі уақытта мешіт пен дәретхана ғана салынған. Алдағы уақытта медресе, қатымхана, ұстаздар үйі салынады. Имамның сөзіне сүйенсек, бұл жұмыстар да тікелей халықтың қолдауымен жүзеге асады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях