Ақсуда бұзылған автобус көліктерді қиратты

Ақсуда бұзылған автобус көліктерді қиратты

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында жолаушылар автобусы жеңіл көлікті қағып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, кейін арыққа түсіп, ағашты соқты. Жол апатын оқиға куәгерлері видеоға түсірген,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео кадрларынан жүргізушісі бар автобус қалай кері жүріп, жеңіл көліктерді сүйрегенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде салонда жолаушылар болған. Олар тежегіші істен шыққан автобустан қашып шығуға мәжбүр болды. Адамдар көлікті тоқтатуға тырысқан. Доңғалақтың астына кедергі қойды. Бірақ бұл әрекеті нәтижесіз болды.

Жаппай ЖКО болмауы үшін адамдар қарама-қарсы бағыттағы көліктерге ескерту айтып, автобус жолын тазалауға тырысты. Куәгерлердің айтуынша, тіпті арыққа түсіп кеткеннен кейін де біраз уақыт тоқтамай алмаған.

Назар аударыңыз, видеода дөрекі сөздер бар!

Полиция оқиға 22 ақпанда сағат 19.00 шамасында Ақсу сауда үйлерінің бірінің ауданында болғанын хабарлады.

«59 жастағы жүргізуші жүргізген Hyundai маркалы автобустың беріліс қорабы істемей қалған, яғни тетік артқы жүріске қойылып қалғаны анықталды. Осы ақау салдарынан автобус артқа қарай KIA Rio маркалы көлікті итеріп тоқтаусыз жылжыған», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, апат кезінде автобус салонында үш жолаушы болған, сондай-ақ екі адам жеңіл көлікте отырған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеді. Автобус ЖШС-нің біріне тиесілі және №4 қалалық маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайды.

«Факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін, көлік құралдарының жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан заңбұзушылығы» бойынша әкімшілік іс қаралады. Сондай-ақ, қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты процессуалдық шешім қабылданады», – деді Қайыров.

Бұл ережебұзушылық бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях