АҚШ пен Ресей Қытаймен жолаушылар байланысын тоқтатты

АҚШ пен Ресей Қытаймен жолаушылар байланысын тоқтатты

АҚШ-та  коронавирустың өршуіне орай  Қытайдың азаматтарын елге кіргізуге шектеу қойды. Ал, Ресей жолаушылар байланысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.  

Соңғы 14 күнде  Қытайда тараған жұқпалы ауруға байланысты америкалық азаматтар үшін АҚШ-қа кіру тек жеті әуежайда қажетті жағдай  ұйымдастырылды. Ал, Хубэй провинциясында болған америкалықтар екі апта  бойы карантиндік бақылауда болады.

Өз кезегінде Ресей Федерациясы 31 қаңтардан бастап  Қытай арасындағы жолаушыларға арналған теміржол байланысын уақытша тоқтатты. Дегенмен жүк тасымалы жалғаса береді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны  17 205 адамға жеткен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях