«7-20-25» және «Баспана хит» бойынша ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

«7-20-25» және «Баспана хит» бойынша ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

ҚР Ұлттық банкі халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің берген мәліметіне сүйенсек, елде ТЖ енгізілуіне байланысты жұмысынан айрылған клиенттерге негізгі қарызды төлеуді кейінге шегеруге 90 күн мұрсат берілді. Осы уақытта оларға айыппұл және өсім саналмайды.
-Банктерге әр мәселені жеке шешу үшін барлық шараны қабылдау керек болып тұр. ТЖ кезінде қиын жағдайда қалған клиенттер үшін төлем тетігі өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы несие алушының несие тарихына енгізілмейтін болады, – дейді Ұлттық банк өкілі.
Несие алушылар үшін бұл уақыт 16 наурыздан, яғни, елімізге төтенше жағдай енгізілген күннен бастап саналады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях