«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ұзартылады

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ұзартылады

Баспана алуға бағытталған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімі бөлінген қаражат лимиті толығымен таусылғанша ұзартылады. Бұл туралы Қазақстан тұрғын үй салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Dauletten.kz сайтына сілтеме жасап.

В.Микрюковтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін бағдарламаны іске асыруға бөлінген 1 триллион теңгенің шамамен 370 миллиард теңгесі жұмсалған.

– Бағдарламаның үш жылында банктер 30 мыңнан астам несие бөлді, бұл несиелендірудің индикативті көлемінің 37%-не сәйкес келеді, – деп түсінік берді Қазақстан тұрғын үй салушылар қауымдастығының президенті.

Осылайша, қазақстандықтар кепілдікке қойылған қаражатты, яғни, 630 млрд теңгені толық игерілгенге дейін «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бағдарлама 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деп хабарланған болатын

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях