«7-20-25» бағдарламасын пайдаланған жалған жарнамалар халықты шатастыра бастады 

«7-20-25» бағдарламасын пайдаланған жалған жарнамалар халықты шатастыра бастады 

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Баспана» Ипотекалық Ұйымы, Алматы, 20 тамыз. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің «7-20-25» бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттары көбейіп барады.
Мысалы, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары «7-20-25» бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың «7-20-25» бағдарламасына еш қатысы жоқ. «Баспана» Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады. Мысалы, 25 – жылына берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта «7-20-25» бағдарламасымен несие бере алмайды. Сонымен бірге, құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу «7-20-25» бағдарламасы болып табылмайды.
«Бүгінгі таңда «7-20-25″ бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз», – деді, «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.
«Баспана» Ипотекалық ұйымы мамандары, үй бағасы мен несие мерзіміне сәйкес, ай сайынғы төлемдердің кестесін әзірледі. Кез-келген жағдайда, артық төлемдерге бой алдырмас үшін, кестені пайдалануға кеңес береміз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях