Кинотеатрлар жұмысын бастайды. Үкімет жанындағы комиссия жаңа шешім шығарды

Кинотеатрлар жұмысын бастайды. Үкімет жанындағы комиссия жаңа шешім шығарды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында белгілі болды. Онлайн жиын барысында бірқатар шешімдер қабылданды.

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен:

І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі

  • 2020 жылғы 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық

ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады;

  • Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР

азаматтары), сондай-ақ, екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өткізіледі;

  • шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР-

тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.

  1. ПТР-тестілеу
  • 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР өңірлеріндегі зертханаларда ПТР-

тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

III. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады;

  • 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін

СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды;

  • биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу

режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

  1. Шектеу шараларын сақтау
  • Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер

клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады;

  • облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды

құруға тыйым салу жалғасады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях