Ақынмен кездесу

0
2813

Киелі поэзия әлемінде өзіндік үні, бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен Исраил Сапарбай  өнер сүйер халқын жырымен сусындатып өлеңдерімен тербеп жүр.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде  танымал дарынды тұлғаның шығармалығынан сыр шертіп ой саларлықтай, «Ақын әлемінің әсем үні» атты кездесу ұйымдастырылды. Кеш «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізілді

Мақсаты – оқырмандарға жерлес ақынның шығармашылығымен, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой-пікірін айтып, танысу.

Алдымен, «Түркі поэзиясы» халықаралық фестивалінің «Қазақстан жазушылар» одағының, Ілияс Жансүгіров атындағы  тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарың лаурреаты, «Парасат» орденінің алған осы кездесудің басты иегері сахна төріне шығарылып гүл шоғы ұсынылды.

«Ақынмын ба әлде мен басқамын?

Барыспайық деген бар бас жағына!

Қолым сәл-пәл босаса жүрсем деймін

Қалықтап поэзияның аспанын да» -деп келтіріп, жүректен шыққан, сезімді селт еткізер шығармашылығы жайлы бастап кетті. Өзіндік жолы, орны, жастар арасында «Махаббат шайыры» деген атағы бар Исраил Сапарбай әңгімесін ары бала кезінен бастап, танылмал тұлға болғанға дейінгі естеліктерімен  бөлісіп отырды. Жиылған қауымның  сұрақтары арқылы,  өмір  жолын айтып, сұхбатты аша түскендей болды.  Сондай-ақ «Аяжан» медициналық колледжінің бір топ студенттері қаламгердің өлеңдерін оқу арқылы ыстық ықыластарын білдірды. Ал, «Жауқазын» атты драмалық үйірме актерлары қазақтың психологиялық-моральдық тұрғыдан күйреген халін, азапты оқиғаларын тізбектеген «Қыз мұңы» драмасын сахналады. Бүгінгі күннің басты иегерінің сазгерлық қыры бар екені барлығына белгілі.  Қазіргі таңда жүзге жуық әнінің біразы танымалдылыққа ие болған. Сонымен қатар, шара барысында «Аялашы жүрегімді», «Екеумізді бір бақыт», «Мойындау» әндері шырқалды.

Кездесуге      «Құрмет» орденінің иегері Шара Қанатқұлқызы мен ардагер ұстаз Ақлима Көсемова қатысып отырып, жүрек жарды тілектерін білдірді.  Басқосудың соңын ұйымдастырушы  аудандық кітапхананың директоры  Ұлдархан Өкееваның сөзімен қорытыланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь