Кәсіпкерлерге арналған «QR код»

Кәсіпкерлерге арналған «QR код»

Аудан аумағында кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған арнайы «QR код» енгізілген болатын. Оның көмегімен қарасайлық іскер азаматтар кез-келген сәтте телефондарындағы камера арқылы QR-кодты сканерлеп, орын алған құқықбұзушылық туралы сигнал жібере алады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кәсіпкерлерге қарсы жасалып жатқан құқықбұзушылықтарды тоқтату мақсатында Алматы облысының прокуратурасы облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ» атты арнайы бот әзірледі. Оның көмегімен ауданымыздың кәсіпкерлері өздеріне қарсы жасалған заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар қызықтырған мәселелер бойынша заңнамалық түсініктеме алып, қажет кезде прокуратура өкiлдерiмен жедел байланыс орната алады.
Ол үшін кәсіпкер телефонындағы камера арқылы арнайы QR-кодты сканерлеп, ботқа өтіп, сигнал қалдыруы керек.

Сигнал түскен сәтте, прокуратура қызметкерлері оны бірден қарастырып, тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях