Құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері кездесті

Құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері кездесті

Бүгін әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Адис Сейдакматовтың төрағалығымен бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды құқықтық қолдау мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған аудандық прокуратура қызметкерлері, кәсіпкерлермен жұмыс жасайтын бөлім басшылары және де облыстық, аудандық бизнес өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кәсіпкерлер палатасының Қарасай аудандық филиалы ұйымдастырған жиын барысында аудандық прокурор Алибек Нұрланұлы прокуратура тарпынан кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуын қадағалау, әкімшілік кедергілерді жою және бизнеске заңсыз қысым көрсетудің жолын кесу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айтып өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығына кеңірек тоқталды.
Ал Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы Елена Константинова болса, жиналған кәсіпкелерді еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында әзірленіп, пилоттық режимде іске қосылған ұлттық цифрлық платформасымен жақынырақ таныстырып өтті. Оның айтуынша, жаңа ақпараттық жүйенің басты міндеті – инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы үш негізгі бағыт бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Ол біріншіден – инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерін онлайн мониторингі, екіншіден – мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің инвестицияларға өтінім беруді автоматтандыру, үшіншіден – инвесторлар тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыруға өтінім беруді автоматтандыру. Осы мақсатта жүйеге негізгі мемлекеттік органдар, әкімдіктер және инвестициялық жобаларды іске асыру процесіне тартылған квазимемлекеттік сектор қосылған. Процестің әртүрлі жақтарын біріктіретін орталықтандырылған хаб ретінде әрекет ететін платформа арқылы инвестиция құйып, ауқымды жобаны жүзеге асырғалы отырған кәсіпкерлер жаңа бизнес салу үшін бос учаскелер, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ала алады. Жалпы айтқанда, инвесторлар үшін қаіргі таңда ҚР қолжетімді мемлекеттік қызметтерді толық қамтуға мүмкіндік жасалған.
Мұнан бөлек жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген бірқатар мәселелерге байланысты аудандық прокуратура тарапынан жауаптар берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях