Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханаға орналаса алатынын айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
– Интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттер қалаға келіп, санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталатын жоғары оқу орындарының жатақханаларында оқшауланып тұра алады», – деді министр.
Оның атап өтуінше, жатақханаларда студенттер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі. Оларға жатақханада тұрып, оқу үшін жеке бағдарлама әзірленіп, арнаулы мүмкіндік жасалады.