Инсульттан көз жұмған жігіттің органдары 5 адамның өмірін құтқарды

Инсульттан көз жұмған жігіттің органдары 5 адамның өмірін құтқарды

Қазақстанда инсульттан қайтыс болған ер адамның дене мүшелері 5 адамға сәтті ауыстырылды. Ота Қазақстанның бірнеше хирургиялық орталығында жасалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Донордың бауыры А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығына жеткізілді.

– Ота дүйсенбі күні жасалды. Түскі 13:00 шамасында бауыр Павлодардан жеткізілді. Яғни, мен бауырды 15:00 шамасында ауыстырдым. Бұл өте күрделі орган болғандықтан, операция 6 сағатқа созылды. Орган 38 жастағы бауыр циррозына шалдыққан ер адамға салынды. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайын бақылайды. Ағза бөтен органды қабылдамауы да мүмкін, – деді А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов.

Оның айтуынша, қайтыс болған адамның мүшелерін алу үшін туыстарынан ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес рұқсат алынған.

– Қайтыс болған жігіттен өкпесі, жүрегі, бауыры, 2 бүйрегі алынды. Ол жігіт инсульттан көз жұмған болатын. Трансплантация бірнеше қалада өтті. Бір адамның мүшелері бірнеше адамның өмірін құтқарды, – деді ол.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях