Пробация бөлімінің қызметкерлері донор болды

Пробация бөлімінің қызметкерлері донор болды

Қарасайлық пробация бөлімінің қызметкерлері донор болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Алматы облыстық Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қарасай аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері жақсы іске себепші болып, қан тобы бойынша мұқтаж жандарға қол ұштарын созды. Олар облыстық қан орталығына өз еріктерімен барып, донор ретінде азаматтық белсенділіктерін танытты.

Қан тапсыру барысында пробация қызметкерлері  алдымен тиісті медициналық тексеруден өтті. Ешқандай қарсы көрсетілімдер болмаған соң, рұқсат етілген мөлшерде, яғни, әр донор 450 мл көлемде қан тапсырды.

Бұл игі бастама – Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері үшін дәстүрлі шаралардың бірі. Алдағы уақытта да осы акция аясында донор ретінде белсенді жұмыстар атқарылатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях