Халықаралық жарыстан жүлдемен қайтты

Халықаралық жарыстан жүлдемен қайтты

Жуырда Елордада «Astana Open EXPO – 2017» атты киокушинкай-каратэден халықаралық турнир өтті. Онда қарасайлық каратэшілер тамаша өнер көрсетіп, «Батыр бала» спорт клубының қатысушылары жүлделі орынмен оралды. Бұл бәсекеде еліміздің барлық аймағынан және Иран, Қытай, Ресей, Армения, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 500-ге жуық үміткер бақ сынады. Олар түрлі салмақ дәрежелері бойынша жарысқа түсті.

Қызықты да, тартысты сайысты арнайы шақырылған бесінші дан иегері, хякунин кумитэні өткен адам (100 жекпе-жек өткізген) және халықаралық ұйымдардың өкілі Артур Ованисян мен аты аңызға айналған киокушинкай-каратэші Лечи Курбанов ашып, жас қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы, боз кілемде әдемі әдіс-тәсілімен көзге көрініп, шебер өнер көрсеткен каратэшілердің арасында Қарасай ауданының жас спортшыларының мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 30 келіге дейін салмақта қыздар арасында Әмина Тілеуқабыл 2-ші орынды қанжығасына байласа, 45 келіде Медет Әжібек пен абсолюттік салмақтағы Бекзат Ахан 3-ші орынды жеңіп, озат спортшылардың қатарынан қалыс қалмай, халықаралық додада өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, үздік қарсылас дәрежесін иемденген Дулат Алдашев, Дулат Ерболат пен Ерасыл Ахан шетте қалмай, өз дәрежелерінде сыйлықтармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях