Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тасжолда жекелеген көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz. Бұл жайында «Smart Astana» телеграм-боты ресми түрде мәлімдеді.
«2 қаңтар күні сағат 18:00 бастап ауа райының нашарлап, температураның төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, еліміз бойынша Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты аязға байланысты жол жабылды. Қостанай мен Шығыс Қазақстанда да көлік қозғалысына шектеу қойылды.