Джо Байден халықтың алдында вакцина салдырды (Видео)

Джо Байден халықтың алдында вакцина салдырды (Видео)

Джо Байден «Пфайзер-БайонТек» компаниясының вакцинасын тікелей эфирде халық алдында қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.

Дэлавер ауруханаларының бірінде болған Д.Байден американдықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шықырды. Айтуынша, қазіргі қиын қыстау заманда америкалықтар үшін сарапшылардың пікіріне құлақ асып, сақтық шараларын ұстану керек.

АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион американдық ковидпен ауырып, індетті жұқтыру көрсеткіші 1,3 пайызға өскен. Елдің 17 штатында ауырғандардың саны күн санап артып келеді.

– Вакцина барынша қолжетімді болған кезде американдықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Модерна» екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар, –АҚШ Президенті Джо Байден,

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях