ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕДІ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕДІ

2020 жылдың ақпанына қарай еліміздегі 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы тағы 30 пайызға артатын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтында жария болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен кездесуі кезінде дәрігерлердің жалақысы өсетінін айтты. Яғни, министрдің айтуынша,  Елбасы мен Президенттің тапсырмасына сәйкес жалақыны көтеру үшін барлық қажетті шаралар  осы айдан бастап қабылданатын болады және осы салада еңбек ететін қызметкерлердің қолына нақты алатын жалақыны 30  пайызға көтеруді мақсат тұтып отыр.

– Дегенмен, мұның да өзіндік ерекшеліктері бар. Көбісі ойлайды денсаулық сақтау саласындағы жалақыны Денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет бекітеді деп. Ал іс жүзінде, бұл олай емес. Біз медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметі үшін төлейміз. Яғни, аппендицитті емдесе оның бекітілген бағасы бар. Оны тариф деп айтамыз және осы тариф арқылы жалақы шығындарын қалыптастырамыз. Біз осы тарифті медициналық қызметкерлерге ақша жетуі үшін арттырамыз, – дейді министр.

Сондай-ақ, министрі өз сөзінде өткен жылдың ішінде дәрігерлердің жалақысын арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек тарифі 20 пайызға көтерілгенін айтып, алайда, тарифтің көтерілуі дәрігерлердің жалақысына еш әсерін тигізе алмағанын да мәлім етті.

– Жалпы, жалақы мөлшерін жыл сайын арттыруды қөздеп отырмыз. Нақты айтқанда, 2020 жылы жалақыны тағы 30 пайызға көтеруді жоспарлаудамыз. Оған қаражат жеткілікті, өйткені, бұл ақшаны сіздермен бірге жинадық. Толықтай алғанда, ақпаннан бастап келесі жылдың ақпанына дейін барлық салада жалақы шамамен 70 пайызға артатын болады. Бұл 400 мың медицина қызметкеріне қатысты, – дейді Елжан Біртанов өз ойын көпшілікке жеткізіп.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях