Біртанов коронавирус инфекциясына тест тапсырады

Біртанов коронавирус инфекциясына тест тапсырады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровтан өзге қызметкерлерге КВИ жұғуы мүмкін ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Өздеріңізге белгілі, 30 наурыздан бастап, Денсаулық сақтау министрлігі толықтай қашықтан жұмысқа көшкен болатын. Сондықтан министрлік ішінде дерт жұқтыру қаупі минималды, қызметкерлердің 90 пайызы үйден жұмыс істеп отыр. Жұмыста министрдің өзі және 3-4 адам қалды. Олардың да әрқайсысы жеке кабинетте болғандықтан жұқтыру қаупі аз деген ойдамыз. Дегенмен, бүгін министр Елжан Біртанов коронавирус инфекциясына тест тапсырады. Нәтижесі шыққан соң әрине хабарлаймыз, – деді Диас Ахметшәріп.

Айтуынша, К.Надыровпен жақын және ықтимал байланыста болғандар анықталып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру басталды.

– Соңғы күндері Камалжан Надыров министр тапсырмасымен Алматы облысында болды. Алматы қаласында емханадан ауру ошағы шығып, дәрігерлердің арасында түсініспеушілік туғанда да К.Надыров барған еді. Әрине қорғаныс киімін киіп, барлық талаптарды сақтады. Дегенмен, аурудың кімнен, қай жерден жұққанын анықтауымыз қажет. Ол кісі қазір қай күні қайда болғанын, кіммен кездескенін тізбектеп жазып отыр. Байланыста болған барлық адамдарға ПТР арқылы диагностика жасалады, – деді ресми өкіл.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыров коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. Ол Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі керек еді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях