Балаларға арналған басқосу

Балаларға арналған басқосу

Бүгін «Аналарға құрмет» музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бұл жолды бізге ұмытуға болмайды» атты патриоттық іс-шара өтті. Аталмыш музей мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ұйымдастырған басқосуға ауданымыздағы Үштерек және Қошмамбет орта мектебінің оқушылары қатысты.

Алдымен балалар жоғарыда аталған партия төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбекпен және Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Жандос Мұратбекұлымен бірге, музейдің саябағына ағаш екті.

Онда, сонымен қатар, бұл іс-шараның маңыздылығына тоқталған «Адам. Дәуір. Медицина» журналының бас редакторы және осы музейдің меңгерушісі Аршагүл Тойбаева оқушыларға негізгі мақсатында айтып өтті. Яғни, бұл басқосудың мақсаты – аудан аумағын жасыл желекке айналдыру, өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және жер ананы аялауға шақыру.

Мұнан соң, барлығы бірге музейді аралап, ішіндегі жәдігерлер жайлы Аршагүл Серікқызы толығымен таныстырды. Атап айтсақ, музейдегі қазақ даласында өмір сүрген батыр аналарымыздың өмірлері айтылып, тарихи заттары көрсетілді.

Бұл іс-шараға қатысқан балалар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көп ақпараттар алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях