Ағымды жылы белгіленген жоспарға сай Бұлақты ауылында жаңа балалар алаңы салынады. Бұл туралы бүгін өткен аудан әкімінің есептік жиыныңда мәлім болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Жиында ауыз судың, көшелердегі жолдарда асфалттың жоқтығы сияқты бірқатар маңызды мәселелерді көтерген ауыл тұрғындары балаларға арналған ойын алаңының қажеттілігі жайлы да айтып өтті. Олардың айтуынша, бүгінде ауылда ойын, спорт алаңдарының жоқтығынан көптеген балалар сабақтан тыс және демалыс күндері көшелерде қаңғып, кішігірім бұзақылықтармен айналасуда. Бұған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев жоспарға сай ағымды жылы ауылдағы Жастар көшесінің аяққы жағына ойын алаңы салынатындығын жеткізді. Бүгінде қажетті құжаттары дайын, бюджеттен қаражат бөлініп қойған.