Қазақстанда әуе билетінің бағасы 12%-ға арзандады

Қазақстанда әуе билетінің бағасы 12%-ға арзандады

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің алқа мәжілісінде өткен жылдың соңғы көрсеткіштері бойынша жолаушылар саны сегіз миллионнан асып, еліміздегі әуе билетінің бағасы 12 пайызға төмендегені жайлы айтылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай көрсеткіштер негізінен бірінші қазақстандық арзан әуе компаниясының ашылуымен байланысты. Олар осы уақытқа дейін 900 мыңға жуық билет сатқан. Енді алдағы уақытта, нақтырақ айтқанда, биылғы жылы қазақстандықтардың әуе көлігімен жиі қатынауы үшін тағы алты жаңа борт сатып алынып, арзан әуе компаниялардың қатары артуда.

– Барлық аймақтар қамтылады. Қарағанды, Ақтөбе сияқты базалық әуежайлар ашылады. Жаңа бағыттар әзірленуде, – деді индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев.

– Авиакомпаниялардың арзан тарифтері өте бәсекеге қабілетті. Пайдалану басталғаннан бері сатылған билеттердің көпшілігі 13 мың теңгеден төмен тұрады. Ең маңызды нәтиже – компаниялар тобы үшін жалпы жолаушылар ағынының 62% құрауы. Қазақстанның ішкі нарығында бүгінде ең жылдам дамып келе жатқан бағытының бірі әуе тасымалы болып табылады, – деді авиакомпания президенті Питер Фостер.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях