Жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

0
2150

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Енді, жас аналар бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.

Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын, оның шеңберінде корпорация қызметкерлері  перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алады. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға  ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тіркелген жерінен ғана өтініш берулеріне болады.

Балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсімдеу үшін эксаумақтық қағидатты енгізу – мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетудің кезекті қадамы, себебі, бұл 4 бірдей қызметті алу үшін қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді), баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі, банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендігінайта кету керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь