Құқық қорғаушылар да Жолдауды қолдайды  

0
2359

Елбасының жаңа Жолдауын ауданымызда түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығын осыған дейін де хабарлағанбыз. Бұл жиындар стратегиялық құжатты кеңінен насихаттап, талқыға салу мақсатында ұйымдастырылуда. Осы орайда өткен сенбіде Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасында да осы мақсатта кездесу болғанын айта кеткен жөн. Ауданның бас полицейі Асхат Даниярұлы жүргізген бас қосуда заң және құқық бөлімінің бас маманы Рысгүл Шөкенқызы мен дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының инспекторы Азат Қайратұлы тәртіп сақшылары алдында баяндама жасады.

Олар жаңа Жолдауды қысқаша түсіндіріп, маңызды бөлімдерді атап айтып, аудандағы діни ахуалды да еске салып, мешіт, шіркеу, медіреселер жайында ақпарат берді. Өз кезегінде Асхат Даниярұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, стратегиялық құжаттың құқық қорғау саласында да басты назарға алатынын ескертті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь