Қарасай аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған ерекше өнер ұжымы – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі аз уақыттың ішінде үлкен белестерді бағындырып, бірқатар байқауларда топ жарып үлгерді. Солардың бірі ретінде облыстық «Ғасырлар үні» атты фестивальда иеленген бас жүлдені атауға болады.
Айта кетсек, салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат тұтқан жаны жомарт меценаттардың көмегімен, Алматы облысы әкімінің тікелей қолдауымен ашылған еді. Оның құрамында түрлі халықаралық, республикалық сайыстарда топ жарып жүрген дарынды жастар жиналған 35 адам бар. Оның ішінде 14-і оркестр мүшесі, 8-і биші, 10-ы эстрадалық және дәстүрлі әншілер. Ансамблдің көркемдік жетекшісі танымал композитор Бағлан Омаров. Музыкалық жетекшісі – Еркін Рахимов, ал, концертмейстері – Қуаныш Жұмағали. Өнер ұжымы толықтай аспаптармен және заманауи үлгідегі көз тартарлық әдемі киімдермен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі бишілерге кастинг жариялайды. Кастинг қаңтар айының 10, 12, 17, 19 күндері, сағат 11-00-де өтеді.