Өнерімізді өрісті етіп, мәдениетімізді өркендетейік

Өнерімізді өрісті етіп, мәдениетімізді өркендетейік

Кеше аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев бүкіл елімізге белгілі Қаскелең мәдениет колледжінде болып, осы оқу орнының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты.

Аудан басшысы алпыс жылдық тарихы бар, республикамыздың кітапханалары, мәдениет үйлері және өнер ұжымдарына маман әзірлейтін білім ордасының ғимаратын асықпай аралап шықты. Атап айтқанда, домбыра, қобыз және тағы басқа музыкалық аспаптарды жасайтын шеберханада, кітапханада, би залында, көркемсурет кабинетінде, колледж студенттері мен оқытушыларының қолынан шыққан туындылар қойылған мұражайда, спорт залында және тағы басқа жерлерде болып, олардың жұмысына ден қойды.

Сондай-ақ, осындағы ұжым мүшелерімен кездесіп, кеңінен отырып әңгімелесті. Проблемалық істерге көңіл бөлді. Кейбір мәселелерден көмек-қолдау жасайтынын айтты. Сонымен қатар, колледж арқылы ауданда құрылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне кадр дайындап, бірлесе жұмыс атқаруға назар аудартты.

Кездесу барысында колледж директоры, белгілі өнер иесі, күйші-композитор, дирижер Дүйсебай Шаштайұлы өздерінің жұмысы жайында кеңінен айтып берді.

Соңынан қойылған шағын концертте аудан әкімі колледж студенттері мен оқытушыларының өнерін тамашалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях