«Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында, «Халыққа көмек» жобасы аясында, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жандулла Әбдімұратов қоғамдық қабылдау өткізіп, онда аудан тұрғындарының бірқатар мәселелерін қарастырды. Нақты айтқанда, қоғамдық қабылдау жазылған азаматтардың барлы дерлік әлеуметтік көмек мәселесімен келген. Мысалы, Береке ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Аймангүл Бердібекова жақында Жетісу ауылынан жер алған, бірақ, жеті баласы бар болғаннан кейін ол жерге өз күшімен үй тұрғызуға шамасы жетпейтіндігін айтып, көмек көрсетулерін сұрады. Сондай-ақ, осы ауылдың тағы бір тұрғыны Қаракулова Бахыт қолындағы жетім немересімен үй кезегінде 2014 жылы бері тұрған, бірақ, үй кезегінің мүлдем қозғалмағанын айтты. Бұл ретте облыстық мәслихаттың депутаты Елтай және Шамалған ауылдық округтерінің басшыларымен сөйлесіп, осы мәселелер жақын уақытта қарастырылатының айтты.
[su_custom_gallery source=»media: 9238,9236,9237″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Ал, Жандосов ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Сания Исатова болса, қазір тұрып жатқан үйіне газ жүргізу алмай жатқанын жеткізді. Себебі, осы ауылға газ тасымалдаушы «Сигма» компаниясының көрсетер қызметті 400 000 теңге болады екен, ал, жалғыз басты ананын мұндай қаражатты төлеуге шамасы жетпейді. Бұл шағымға байланысты Жандулла Суиноллаұлы аталмыш компанияның басшылығымен сөйлесіп, жалғыз басты анаға жеңілдік алып берді. Ал, қалған жетіспейтін қаражатты өзі төлеуге көмектесетіндігін жеткізді. Қаскелең қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Рая Камекбаева өз күшімен үй салыпжатқанын айтып, соған құрылыс матермалдарымен көмек көрсетуді сұрады. Жандулла Әбдімұратов алдағы уақытта бұл да есте болатынын айтты.
Осылайша қоғамдық қабылдауға келген барлық тұрғындардың арыз шағымдары тыңдалып, мәселелері оңтайлы шешімін тапты.