«Астана-Алматы» бағытындағы марафон біздің ауданда

«Астана-Алматы» бағытындағы марафон біздің ауданда

«Шынықсаң шымыр боласың» демекші, осы ұранды ұстанғандардың қатарында Қазақстан Республикасының құрылысшылар одағының бірқатар мүшелері де бар. Олар өткен аптада Астананың аязына қарамай, дәл осы Елордамыздан «Астана-Алматы» бағытымен супермарафонды бастаған еді. Кеше міне, сол марафонды қолдаушылар ауданымызға ат басын тіреп, көпке үлгі боларлықтай жақсы бастамаға себепші болды. Олар Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қарасайлық спортқа жақын жандармен кездесіп, бұл спорттық шараның маңыздылығын жеткізді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне арнайы ұйымдастырылған марафонның басты мақсаты – әркімнің өз мақсатына жетуіне, талпынуына, шыдамдылығын сынауына, әрі әрбір спорт сүйгіш жанды жеңіл атлетикамен айналысуға үндеу. Мұндай бағыты айқын Астана марафоншылар клубының мүшелері Қарасай жеріне арнайы келгендерін, қуаныштарын жасыра алмады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы филиалына, аудандық спорт бөліміне және  №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына алғыстарын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях