Асқар Мамин азық-түлікті қымбаттамауын бақылауда ұстауды тапсырды  

Асқар Мамин азық-түлікті қымбаттамауын бақылауда ұстауды тапсырды   

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Асқар Мамин өңірлердегі инфляция мәселесін көтерді және жағдайдың белгіленген шектен шығып бара жатқанын атап өтті.

– Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында инфляцияның аздаған өсімі байқалады. Бұл негізінен агороөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен байланысты  болып отыр. Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің маусымы, сондықтан бағалар арзандатылуы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын,  –деп тапсырма берді  Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Ұлттық банк басшысының хабарлауынша, биылғы мамыр айында айлық инфляция 0,6% құрады. Жылдық инфляция 5,3% дейін көтерілген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях