Қарияларға арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды

Қарияларға арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды

Республика күнінің қарсаңында бүгін Шамалған ауылында қариялардың өмір сүру дейін арттыруға арналған «Белсенді өмір сүру» орталығы ашылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қарасай аудандық әкімдігі қолдау білдірген бұл шағын мекеме Шамалған ауылдық Мәдениет үйінде орналасқан. Орталықтың салтанатты түрде ашылуына аудан әкімі Жасұлан Естенов қатысып, ауылдың ақсақалдары мен әжелеріне ақ тілегін арнады. Сондай-ақ аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде «Белсенді өмір сүру» орталығы қарттардың денсаулығына пайдалы әрі өмір сапасын жақсартатынын айтып, мұндай мекемелер әр ауылдық округте болуы тиіс екенін жеткізді.

Ал  аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов замандастарының бос уақыты тиімді өтетінін атап өтіп, көпшілікке батасын берді.

Орталықтың лентасын аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы мен аудандық Аналар алқасының төрайымы Ақлия Бекбайқызы кесті. Әжелеріміз шашуын шашып, келген қонақтар жаңа ашылған мекемемен танысты.

Бұл мекеменің ашылуына бірден-бір себепші жандардың бірі – ауыл тұрғыны Гүлжамал Ахметова. 75 жастағы анамыз аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің бірінде осы бастаманы көтеріп, қолғабыс етуін сұраған еді. Оның ел алдындағы сол өтініші бүгін орындалғанына қуанып, салтанатты шарада ауыл қарияларының атынан аудан әкіміне деген ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, «Белсенді өмір сүру» орталығында аяққа, арқаға арналған массаж креслолары, үстел теннисі, жүгіру жолақтары, шахмат, дойбы сияқты спорттық керек-жарақтар орнатылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях