Қарасайлық полиция қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті

Қарасайлық полиция қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті

Ауданымыздың құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстар дәстүрге айналған. Бұл жолы да ауданымыздың Полиция басқармасының ұйымдастыруымен тәртіп сақшыларының арасында үлкен спартакиадалық ойындар өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. 

Құқық қоғау органдарында қызмет етіп, өз саласына еңбегін сіңірген полиция полковнигі Арыстанбек Кисиковты еске алу мақсатында өткізілген спорттық шараға полковниктің жақындары, онымен бірге жұмыс істеген әріптестері, яғни полиция ардагерлері қатысты. Шара артынан өнегелі істер қалдырған азаматты еске алу үшін ұйымдастырылғандықтан ең алдымен жиналғандар арнайы жасалған мемориалды тақтайшаға гүл шоқтарын қойды. Мұнан кейін спартакиаданы ұйымдастырғандарға алғыстарын білдіріп, жарысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс спорттың бес түрінен ұйымдастырылды. Үміткерлер – шетінен кіл мықтылар. Намысты қолдан бермеу үшін тәртіп сақшылары білек күшін сарқа сынасты. Сайыс барысында полиция қызметкерлері қол күресі, арқан тартысу сияқты күш қолдану жаттығуларында белсенділік танытты. Сондай-ақ, футбол алаңында да тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Бәсекеге толы спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жергілікті полиция қызметі бөлімі қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды тергеу бөлімі иеленсе, үшінші орынды патрульдік полиция ротасы қызмет инспекторлары мен уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері еншіледі.

Сайыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях