Жақында ғана Молдова елінде армрестлингтен Әлем чемпионаты өткен еді. Аталған біріншілікте Қазақстанда құрамасында қарасайлық пара спортшылар да өнер көрсетіп, жеңіспен оралды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Анығырақ айтқанда, тамыз айының 15-і мен 25-і күндері аралығында Молдованың астанасы Кишинёв қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында 45-ші Әлем чемпионаты өтіп, оған елімізден 150 спортшы қатысқан еді. Солардың қатарында ауданымызда орналасқан «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының 8 спортшысы қатысып, Қазақстанның қаңжығасына 3 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль салды.
Жаһандық жарыста ел намысын қорғаған қарасайлық Камила Жанадилова, Балғын Тергеусизова және Айдана Ермекбаева лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Үшеуі де алтын медаль алды. Бір айта кетерлігі, Айдана Ермекбаева жарыста армрестлингтен бойынша сол қолымен күресіп, алтын, оң қолымен күресіп, күміс жалпы екі медалді жеңіп алған.
Ал Марал Боранбаева, Жұлдыз Бұқарбаева мен Азамат Нұралиев күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жерде де Марал Боранбаева екі қолымен күресіп, екі күміс медаль иеленді. Ал 27 жасар Никита Чербоков қола жүлдегері атанды. Қазақстанның құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.
«Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Ходжамұратовтың айтуынша, дүбірлі додаға қатысқан барлық спортшы тамаша ойын көрсетте білді. Осылайша олар тағы бір мәрте өздерінің кіл мықты екендерін дәлелдей білді.
Олай болса, спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз.