Қарасайлық энергетиктерді құттықтады

Қарасайлық энергетиктерді құттықтады

Қазіргі таңда энергетика шын мәнінде, экономиканың өзекті саласына айналған. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары еліміздің барлық жетістіктерінде жарық жеткізушілердің де қосқан сүбелі үлестері бар. Сол себептен де жыл сайын энергетиктердің төл мерекесі үлкен ықыласпен атап өтіледі.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әмірғалиев, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Алмасбек Әшімбай аудандық электр жүйелері торабының кеңсесіне барып, мереке иелерін құттықтады.

Энергетика саласының қоғамда алатын орны жайында әңгіме өрбітіп, ауданымыздың да жарық беру жағдайы туралы сөз қозғаған Мадияр Орынтайұлы аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің атынан, Қарасай жерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып, кәсіби шеберлігінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, ұжымның бірнеше мүшесіне Алғыс хаттар тапсырды.

Сонымен қатар, барша нұротандықтардың жылы лебізін жеткізген Ықылас Еркінұлы да халқымызды дамудың даңғыл жолымен алға жетелеуді мақсат еткен Елбасының барлық тапсырмаларын жүзеге асыруға энергетиктердің де зор қолқабыс ететінін айтып, өз атынан кейбір қызметкерлерге Алғыс хат ұсынды.

Өз кезегінде аудандық электр жүйелері торабының басшысы Ерлан Момбаев көрсетілген құрмет пен ізет үшін ризашылығын жеткізіп, биылғы жылдың қарасайлық энергетиктер үшін жақсы жаңалықтарға толы болғандығын тілге тиек етіп, алдағы жыл бұдан да жемісті әрі жеңісті боларына сенім білдірді. Өзі басқаратын ұжымдағы еңбегі еленген жандарды марапаттады.

Бұл жарқын жүзді басқосуда басқалар да сөз алып, барша жиналғандар ең бастысы еліміздің бейбітшілігі бекем, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын деген ортақ тілекпен тарқасты. 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях