Істі болғандарды еңбекке тарту мақсатында

Істі болғандарды еңбекке тарту мақсатында

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде сотталғандарға арналған «Пробация үйі» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аудандық пробация бөлімі ұйымдастырған іс-шараға 70-ке жуық істі болған азаматтар қатысып, жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.

Жәрмеңкеге Қарасай ауданы прокуратурасының прокуроры Дастан Мырзағали, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Эльмира Тасырова, аудандық пробация бөлімі басшысының орынбасары Жәмиля Байтемірова және аудандағы ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Статистика бойынша, биылғы жылы осы жәрмеңке арқылы 20-дан астам азамат жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек, екі адам оқуға жіберілген. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішіне қарағанда өте жақсы нәтиже. Өйткені, 2016 жылы жалпы жеті адам ғана қызметке орналасса, оның екеуі екеуі оқуға жөнелтілген. Ал, бүгінгі іс-шарада оданда көп азаматтарды еңбекпен қамту көзделді. Жоғарыда айтқанымыздай, жәрмеңке соңында қатысқандардың ішінен кәсіпорын өкілдері 15-ке жуық адамның түйіндемесіне қызығушылық танытты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях