Қарасай аудандық «Энергосбыт» мекемесінің басшысы тағайындалды

Қарасай аудандық «Энергосбыт» мекемесінің басшысы тағайындалды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы басшысының бұйрығымен Жақсыбаев Нұрлан Сегізбайұлы Қарасай ауданының «Энергосбыт» мекемесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нұрлан Жақсыбаев 1974 жылы туған. 1990-1994 жылы «Қазақ тұтыну одағы» технологиялық техникумында «тамақты дайындау технологиясы және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру», ал 2004-2006 жылдары М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «қаржы және несие» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1994 жылы Шу ауданының Төле би ауылында совхозда өлшеуші болып бастап, 1997-2000 жылдары аралығында осы жерде бухгалтер қызметін атқарған.

2000-2004 жылдары Алматы облыстық мектеп-интернатында бухгалтер, 2005-2010 жылдары Шу ауданының сәулет және қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің бас бухгалтері, Шу ауданы әкімінің кеңесшісі, Шу аудандық әкімдігінің қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек етті. Сондай-ақ 2010-2013 жылдары Шу аудандық әкімдігінде ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінде, 2013-2016 жылдары кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Ал 2016-2023 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары болып, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да коллектор болып қызмет етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях