Қапшағай тұрғындары карантин кезінде пикник ұйымдастырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оларға ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
– Өткен тәулікте қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде халық арасында «Картодром» деп аталатын жұмыс істемейтін кәсіпорындардың бірінің аумағынан шыққан қатты музыка біздің назарымызды өзіне аударды. Қоршау ішіне кірген біз қатты музыкамен көңіл көтеріп жүрген жастар тобын көрдік, олардың арасында балалар да бар. Төтенше жағдай кезеңінде жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, бұл жерде туған күн атап өтіліп жатқандығы белгілі болды. Тәртіп бұзушылар өз кінәсін түсініп, салтанатты шараның ұйымдастырушысы кешірім сұрады, – деп мәлімет берді патрульдік полиция взвод командирі, полиция аға лейтенанты Диас Айнақұлов.
Бұл жиынға қатысқан бес ересек азаматқа қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.