«Ана мен бала» қайырымдылық мекемесін игі бастамасы

«Ана мен бала» қайырымдылық мекемесін игі бастамасы

Көмекке мұқтаж көптеген елтайлық отбасыларға қолдау көрсетіп, қол ұшын беріп жүрген Әлия Сатпаева жақында тағы бір игі істі бастап, «Ана мен бала» атты қайырымдылық мекемесін ашты. Оның жұмысын сауабы мол іспен бастауды жөн көрген қарасайлық ерікті, бүгін Елтай ауылында ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған ағаш отырғызу акциясын өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елтай ауылындағы Шабалов көшесіндегі автокөліктерге арналған көпірдің айналасында жүргізілген жұмыстарға округ волонтерлері мен ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар алдымен мұнда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған тал бұтақтары мен шөптерді, жерде жатқан қоқыстарды жинады. Мұнан кейін алма, шие, алмұрт, қарағаш сияқты әртүрлі 50 түп ағаштарын отырғызды.

Бұл игі істің бастамасында жүрген Әлия Нұрмұхамедқызы айтуынша, бұрын мұнда жай тас жол болған, бірақ та, көлікпен жүретіндердің ыңғайлы үшін арнайы көпір тұрғызылған екен. Көпір орнатылғаннан кейін оның айналасы қаңырап, бос қалған. Осы ретте олар әкімдіктен арнай рұқсат сұрап, бұл жерді тұрғындардың демалыс орынына айналдыру мақсатында саябақ салуды жөн көрген. Бүгін, міне, осы жоспардың бастамасы ретінде олар мұнда тазалық және ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Әлияның айтуынша, «Ана мен бала» деп аталатын саябаққа алдағы уақытта жомарт жандардың арқасында балалар ойнайтын алаң салынып, адамдар демала алатын орындықтар қойылатын болады.

Бұл жоспар аталмыш қордың алғашқы бастамасы болғанымен соңғысы емес. Әлия Сатпаева мұнан бөлек алдағы уақытта округтегі жаңадан бой көтеріп жатқан «Астана» кешенінде жастарды спортқа баулу мақсатында заманауи талаптарға сай «Work Out» орталығын ашуды ойластырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол округте балаларды емдеуге арналған оңалту орталығы мен қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталық ашу да жоспарда бар екен де қоса айтты.

Ендеше, бүгін осындай сауабы мол шара өткізіп, алдағы уақытта көптеген жақсы бастамаларды іске асыруды қолға алған «Ана мен бала» атты қайырымдылық мекемесінің жұмысына тек сәттілік тілейміз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях