Алматының бірқатар көшелеріндегі көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымға азайтылмақ

Алматының бірқатар көшелеріндегі көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымға азайтылмақ

Алматыда көлік апатынан әрбір үш күн сайын бір адам өлімі тіркеледі екен. Осы себепті әл-Фараби, Саина және Шығыс айналымы тас жолындағы көшелеріндегі көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымға азайтылмақ, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы NUR.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айының 15-інен бастап әл-Фараби даңғылы, Саина көшесі және Шығыс айналма тас жолымен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге тыйым салынады. Аталмыш көшелерде орташа жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін түсіріледі. Бұл қаладағы жол-көлік апаты мен өлім-жітімді азайтады, дейді полиция департаментінің өкілдері.

«Халықаралық тәжірибеден орташа жылдамдықты азайту арқылы жол апатының алдын алып, көп өмірді құтқарып қалатымынызға көзіміз жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жылдамдықты 5 пайызға көбейту жол апатын 10 пайызға арттырады. Адам өлімі болатын жол апатын 20 пайызға көбейтеді. Мәселен, әл-Фараби даңғылында жылдамдықты азайту тек 2 минут қана жолды қысқартады екен. Егер 2 минутта бір адамның өмірін құтқаруға болса, онда жылдамдықты азайтқан дұрыс шешім», – дейді Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин.

Құзырлы органның дерегінше, Алматыда жыл басынан бері 4 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның басым бөлігі орташа жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жүретін жол бөліктерінде болған. Аталмыш аумақтарда күн сайын 12 жол апаты тіркеледі. Осы жылы жол апаттарының салдарынан қалада 121 адам көз жұмған. Мұндай статистика тас жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге септік етіп отыр.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях