Алматы қаласы әзірге жабылмайды

Алматы қаласы әзірге жабылмайды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабу туралы сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала басшысының айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қаланы толығымен жабу мәселесі көтерілген жоқ. Егерде қала жабылатын болса немесе басқа да өзгерістер болса, алдын ала ақпарат таратылады.

– Таңертең тұрсақ, қала жабық деген болмайды. Егер денсаулық сақтау жүйесінің күші жетпей жатса және инфекцияның таралу көрсеткіші нормадан асып кетсе және басқарылмайтын болса, қосымша шешім қабылдау қажет болады. Әзірге қаланы жабудың қажеттілігі жоқ, – деді Алматы қаласының басшысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях