Аймағамбетов «Алтын белгіге» жұмсалатын 97 миллион теңге шығынды түсіндірді  

Аймағамбетов «Алтын белгіге» жұмсалатын 97 миллион теңге шығынды түсіндірді   

Жыл сайын мектеп түлектерінің «Алтын белгісі» үшін жұмсалатын қаражатты кім бөледі және бұл ақша шашу емес пе? Бұл сұрақтарға Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл «Алтын белгі» иегері атағына 9 738 мектеп бітіруші лайық деп танылды. Әр төсбелгіні жасауға шамамен 10 мың теңге жұмсалады. Аймағамбетов бірінші кезекте бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр екенін алға тартты.

«Мәселе мұнда біреуге беріліп отырған «Алтын белгі» емес. Бұл біздің мектептерді бітіріп, 11 жыл бойы жақсы оқып, өз аттестатын алып отырған балаларды қолдаудың бір тетігі деп білу керек. Мұның алдында 2018 жылға дейін «Алтын белгі» иегері грантқа түсетін. Ал, қазір ұпайы бірдей болса, «Алтын белгі» иегеріне басымдық беріледі. Енді алдағы уақытта «Алтын белгі» үміткерлерінің қорытынды емтихандарын енді облыстық білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері қарайтын болды,  — деді ведомство басшысы.

Білім министрінің сөзінше, осы «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр. Енді олардың 10-11-сыныптың бағалары ғана емес, 5-сыныптан бастап келе жатқан бағалары ескеріледі екен.  Сонымен қатар, министр бұл қаражат республикалық бюджет есебінен төленетінін мәлімдеді.  Журналистің «Текке желге кеткен ақша дегенмен келісесіз бе?» деген сұрағына да ведомство басшысы жауап берді.

«Жоқ, келіспеймін, өйткені ол біздің азаматтар, біздің балалар ғой. Ол балаларға грант бермесе де, басқа ештеңе бермесе де осындай бір қолдау тетігі ретінде осындай «Алтын белгі» деген атақ беріліп отыр. Ол тек қана атақ», — деп жауап берді Аймағамбетов.

Айта кетейік, мұндың алдында қоғам белсенділері төсбелгі сапасына қатысты пікір білдіріп, оған жұмсалатын шығын тым көбін алға тартқан. Мысалы, PhD доктор Аятжан Ахметжан «Алтын белгіні» оңды-солды тарату үрдіске айналғанын және кілең беске бітірген баланың білімі, сол медальға сай емес екенін мәлімдеген.  Ал, блогер Дәулет Мұқаев оңды-солды төсбелгі тарату балаларды атаққұмарлыққа баулумен қатар, артық шығын екенін айтқан.

«Бір медаль құны бюджетке шамамен 10 мың теңгеге түседі. 9738 медальға бюджеттен 97 000 000 теңгеден астам ақша кетті деген сөз. Бұл сөзімді осы кезге дейін «Алтын белгі» алғандар растайды. Бюджеттен кетіп жатқан 100 миллионға жуық ақшаны басқа нәрсеге жаратуға болады. Мектеп оқушыларына аттестаттағы «Алтын белгі» деген жазу жетеді», — дейді Мұқаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях